Адал тәсіліміз

Мүдделер қайшылығына жол бермеу

Қызметкерлер өздерінің жеке мүдделері JTI мүдделеріне қарама-қайшы келе алатын кез келген жағдайдан аулақ жүретініне сенеміз.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Мүдделер қайшылығы қызметкерлерді JTI мүдделеріне сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдауға ынталандыра алады және Компанияның абырой-беделі мен осындай қызметкерлердің жеке абырой-беделін түсіруі мүмкін.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Мүдделер қайшылығы туындауы мүмкін жағдайлардан аулақпын.

Жеке мүдделерімнің JTI атынан қабылдайтын қандай да бір шешіміме ықпал етуіне жол бермеймін. Жұмыстағы шешімдеріме ықпал ете алатын кез келген туыстық немесе жеке қарым-қатынас туралы хабарлаймын.

Жұмыстан тыс жерде JTI коммерциялық мүдделеріне қарама-қайшы келе алатын қызметпен айналыспаймын.

Оған қоса сыйлық алмасу, қонақжайлылық көрсету немесе ойын-сауық ақшасын төлеу кезінде мүдделер қайшылығы туындауы мүмкін екенін түсінемін.

Мүдделер қайшылығына жол бермеу мүмкін болмаған жағдайда, өзімді және Компанияны мәселелерден арашалау үшін осы туралы дереу хабарлаймын.

Басшы болғандықтан, қол астымдағы қызметкер хабарлаған кез келген мүдделер қайшылығын персоналмен жұмыс істеу жөніндегі және корпоративтік нормалар мен ережелерге сәйкестік жөніндегі бөлімшелердің қолғабыс етуімен реттеуге міндеттімін.

Бұл іскерлік серіктестеріміз үшін нені білдіреді?

Іскерлік серіктестер мүдделер қайшылығы туындауы мүмкін кез келген жағдайдан аулақ жүруі тиіс. JTI компаниясына байланысты кез келген ықтимал мүдделер қайшылығы туралы onebehavior@jti.com мекенжайына хабарлау керек.

Мұны қандай жағдайларда қолдануға болады?

Төменде ықтимал мүдделер қайшылығының мысалдары келтірілген.

  • Менің ағам JTI компаниясында белгілі бір лауазымға тағайындалуға талаптанып отыр, ал мен осы мәселе бойынша шешім қабылдауға қатысамын.
  • Жеткізуші JTI компаниясымен келісімшарт жасасуға талпынып отыр, ал мен осы мәселе бойынша шешім қабылдауға қатысамын. Бұл ретте жеткізуші маған демалыс күндері ақысы толық төленген салтанатты курорттық мейманханаға баруды ұсынды.
  • Мен қосымша ақша табу мақсатымен темекі саласында қолдануға арналған технологияларды әзірлейтін стартапта жұмыстан бос уақытта зерттеу жүргізуге жалдандым.

Көбірек біліңіз