Адал тәсіліміз

Мемлекеттік органдармен ынтымақтасу

Біз мемлекеттік органдармен олардың тергеу жүргізуі және сұрауын орындау шеңберінде белсенді түрде ынтымақтасамыз.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Мемлекеттік билік органдары рұқсаттар немесе сертификаттар беру, сондай-ақ Компанияның бизнес жүргізуге қаншалықты жауапты қарайтынын тексеру мақсатымен Компаниядан қызметінің қандай да бір аспектісіне қатысты ақпаратты уақыты келгенде сұрап тұрады.

Оған қоса мемлекеттік органдар кейде күтпеген (былай айтқанда жоспардан тыс) тексерістер жүргізе алады.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Мен әрдайым дұрыс әрі нақты мәліметті ұсынуға немесе оларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиіспін. Мемлекеттік органдардың қызметкерлері Компания объектілеріне келіп-кету барысында әрдайым заң бөлімшесінің өкілі осы мақсатқа тағайындайтын қызметкермен бірге жүруі тиіс.

Мен ақпарат беру немесе Компанияға келіп-кету туралы күтпеген сұрау алғанда, жоспардан тыс тексерістерге қатысты жергілікті нұсқауларды орындауым керек. Оған қоса жергілікті жоспардан тыс тексерістер үйлестірушісіне немесе жергілікті не өңірлік кеңесші заңгерге дереу хабарлау керек. Жоспардан тыс тексеріс үйлестірушілерінің нақты функциялары аталған нұсқауларда сипатталған.

Жоспардан тыс тексеріс үйлестірушілерінің функциялары

Жоспардан тыс тексеріс кез келген уақытта жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда негізгі байланыс тұлғалары жоспардан тыс тексеріс үйлестірушілері болып табылады. Олар осындай іс-шараларға әрқашан дайын болуы керек және олардың барлық басқа ықтимал қатысушыларының (әкімшілер, АТ бөлімшесінің өкілдері, басқа жоспардан тыс тексеріс үйлестірушілері немесе жалпы қызметкерлер) қажетті ақпаратқа ие болуын және тексеріске де дайын болуын қадағалауы тиіс.

Көбірек біліңіз