Адал тәсіліміз

Сыйлық алмасу, қонақжайлылық көрсету және ойын-сауық ақшасын төлеу

Біз сыйлық алмасуды, қонақжайлылық көрсетуді және ойын-сауық ақшасын төлеуді құптамаймыз, алайда бизнесте мұндай тәжірибені (ол ара-тұра сипатқа ие болса) көпшілік мақұлдағанын мойындаймыз.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Сыйлық – сыйға тартылатын немесе тегін берілетін қандай да бір құндылық. Қонақжайлылық және ойын-сауық – ақылы іс-шараларға баруды ұйымдастыру, тұратын жермен қамтамасыз ету, тағам мен сусындар беру.

Сыйлық алмасу, қонақжайлылық көрсету және ойын-сауық ақшасын төлеу кезінде толық айқындықты әрдайым қамтамасыз ету керек, әйтпесе бұл парақорлық немесе мүдделер қайшылығы деп бағалануы мүмкін.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Қандай да бір сыйлықты беру немесе алу, қонақжайлылық көрсету немесе оны пайдалану, ойын-сауық ақшасын төлеу немесе қабылдау алдында бұның тиісті JTI қағидаттарына қарама-қайшы келмейтініне көз жеткізуге тиіспін.

Сыйлық алмасудың, қонақжайлылық көрсетудің немесе ойын-сауық ақшасын төлеудің коммерциялық шешімдеріме ықпал етуіне жол бермеймін.

Мемлекеттік қызметшілермен немесе ұйымдармен сыйлық алмасу, оларға қонақжайлылық көрсету немесе өзіме ұсынылған қонақжайлылықты пайдалану, олардың ойын-сауық ақшасын төлеу немесе олардан ойын-сауық ақшасын қабылдау алдында тиісті құнына қарамастан рұқсат алу керек.

Бұл іскерлік серіктестеріміз үшін нені білдіреді?

Біздің атымыздан ресми түрде әрекет ететін іскерлік серіктестер сыйлықтарға, қонақжайлылыққа және ойын-сауыққа қатысты қағидаттарымызды ұстануы тиіс. Қандай да бір сыйлықты беру немесе алу, қонақжайлылық көрсету немесе оны пайдалану, ойын-сауық ақшасын төлеу немесе қабылдау алдында іскерлік серіктестеріміз рұқсат алуы тиіс.

Сыйлықтарға, қонақжайлылыққа және ойын-сауыққа қатысты қағидаттарымыз бойынша сыйлық алмасу, қонақжайлылық көрсету және ойын-сауық ақшасын төлеу:

  1. Қолданыстағы заңнама мен жергілікті әдет-ғұрып талаптарына сай жүзеге асырылуы тиіс.
  2. Ақылға қонымды және мөлшерлес шектерде жүзеге асырылуы, ара-тұра сипатқа ие болуы және орынды болуы тиіс.
  3. Қызметкерлер мен үшінші тұлғалар арасында мүдделер қайшылығын тудырмауы тиіс.
  4. Тиісті емес іс-әрекет үшін сыйақы ретінде немесе оларды жасауға ынталандыру ретінде негізсіз артықшылық алу мақсатымен жүзеге асырылмауы тиіс.
  5. Ақшалай қаражат, ақшалай қаражатқа айырбастауға болатын чектер немесе купондар түрінде табыс етілмеуі тиіс.
  6. Тиісті рұқсат алуға қажетті ақпараттың барлығын ұсыну арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Атап айтқанда бұл ретте іс-шараның мақсаты мен толық құнын көрсетіп, барлық қатысушылары, соның ішінде JTI қызметкерлері тізімін беру керек.

Көбірек біліңіз