Адал тәсіліміз

Парақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен күресу

Біз парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне төзімсіздік танытамыз.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Бизнес жүргізудің барлық аспектілерінде адал ниетпен әрекет етуге тырысамыз және жұмыс істейтін барлық елдерде парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік танытамыз.

Парақорлық – коммерциялық пайда көру үшін қандай да бір құндылықты (әдетте ақшалай қаражатты) беру немесе алу. Сыбайлас жемқорлық – жеке пайда табу үшін өкілеттіктерді асыра пайдалану.

Ресмиліктерді жеңілдету үшін жасалатын төлемдер парақорлықтың бір түрі болып саналады. Әдетте бұл стандартты қызметтерді көрсеткені немесе тездеткені үшін мемлекеттік қызметшілерге ұсынылатын кішігірім сыйлықтар немесе төлемдер.

Парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды бұзу салдарынан қылмыстық тергеу жүргізілуі мүмкін. Соның нәтижесінде JTI компаниясы да, қылмысқа қатысы бар кез келген қызметкер де жауапқа тартылып, айыппұл төлеуі мүмкін.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Мен қандай болмасын парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қатыспаймын. Атап айтқанда ресмиліктерді тездету үшін маған пара ұсынса немесе менен пара талап етсе, бас тартып, осы туралы жергілікті немесе өңірлік кеңесші заңгерге немесе корпоративтік нормалар мен ережелерге сәйкестік жөніндегі бөлімшенің өкіліне дереу хабарлаймын.

Оған қоса сыйлық беруге, қонақжайлылық көрсетуге, ойын-сауық ақшасын төлеуге, мемлекеттік органдарға ақысыз көмек көрсетуге, қайырымдылық қайыр көрсетуге және демеушілік етуге байланысты парақорлық тәуекелін түсінемін.

Бұл іскерлік серіктестеріміз үшін нені білдіреді?

Іскерлік серіктестеріміз, соның ішінде біздің атымыздан ресми түрде әрекет ететін іскерлік серіктестеріміз парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа біз сияқты төзімсіздік танытатынына сенеміз, – бұл JTI компаниясымен бірге жұмыс істеудің қажетті шарты.

Компания қандай болмасын парақорлыққа немесе сыбайлас жемқорлыққа қатысты болған кез келген іскерлік серіктеспен шарттық қарым-қатынасты тоқтатуға құқылы.

Құндылықтарымызды жүзеге асыру

«Маған ықтимал жеткізушінің сауда өкілі бірнеше рет қоңырау шалып, бірнеше электрондық хат жолдаған болатын. Мен оның ұсынған өнімдері техникалық талаптарымызға сай келмейтінін айттым. Ол қайта қоңырау шалып, JTI компаниясы оның ұсынысын қабылдаса, маған 5 % көлемінде қосымша «жеке комиссия» төлеуге дайын екенін тұспалдап айтты. Мен мұндай тәжірибе құндылықтарымыз бен Жүріс-тұрыс кодексімізге қарама-қайшы келетінін айтып, одан бұдан былай JTI компаниясына қоңырау шалмауын өтіндім. Болған жағдайды дереу өзімнің басшыма хабарладым».

Жабдықтау және сатып алу жөніндегі бөлімшенің қызметкері

Көбірек біліңіз