Адал тәсіліміз

Сыртқы коммуникацияларды басқару

Журналистермен JTI атынан Компанияның өкілдері ғана өзара іс-қимыл жасай алады, алайда әлеуметтік желілерде бизнесімізге қатысты тақырыптарға барлық қызметкерлер әңгімелесе алады.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Журналистермен JTI компаниясының жоғары буын басшылары, тиісті елдердегі бас менеджерлер, сондай-ақ корпоративтік даму жөніндегі бөлімшенің жергілікті, өңірлік және халықаралық өкілдері ғана әңгімелесе алады.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Мен JTI туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде орналастыруға сақтықпен қараймын және бұл кезде Компания ұсынған және жалпыға қолжетімді мәліметті ғана қолданамын.

JTI туралы құпия ақпаратты сайттарда, блогтарда және әлеуметтік желілердің форумдарында орналастырмаймын және таратпаймын.

Тәжірибе жүзінде келесі қағиданы басшылыққа аламын: қандай да бір ақпараттың ұлттық газеттің алғашқы бетіне шыққанын қаламасам, оны әлеуметтік желілерде немесе өзге де ашық ақпараттық алаңдарда орналастырмауым және таратпауым керек.

Әлеуметтік желілерде не істеуге болады, не істеу керек және не істеуге болмайды

  • ИӘ – JTI коммерциялық арналарында жарияланып қойған бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар мен мәліметті жеке желілерде орналастыру
  • ИӘ – барлық хабарларыңыз жеке көзқарасыңызды ғана білдіретінін айқын мәлімдеу
  • ЖОҚ – Facebook сайтында құпия ақпаратты орналастыру
  • ЖОҚ – JTI темекі өнімдерін әлеуметтік желілерде жеке тұрғыдан жарнамалау

Көбірек біліңіз