Адал тәсіліміз

Инсайдерлік операциялардың алдын алу

Қызметкерлерге инсайдерлік операцияларға қатысуға үзілді-кесілді тыйым салынады.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Инсайдерлік операциялар – инсайдерлік ақпаратты жеке мүддеге немесе үшінші тұлғаның мүддесіне қолдану. Бұл инсайдерлік ақпарат негізінде ұсыныстар беруге де қатысты болуы мүмкін. Инсайдерлік ақпарат – жарияланған жағдайда компанияның бағалы қағаздарының құнына айтарлықтай ықпал ете алатын кез келген қызметтік ақпарат. Инсайдерлік ақпаратқа құпия қаржылық көрсеткіштер, дивидендтер туралы мәлімет, эмиссиялар немесе акцияларды сатып алу туралы мәлімет, ауқымды экспансия жоспарлары, сондай-ақ болжалды бірігу, сатып алу немесе қосылу туралы мәлімет кіруі мүмкін.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Мен тиісті инсайдерлік ақпаратқа ие бола отырып, қандай болмасын бағалы қағаздарды (акциялар, облигациялар, опциондар, т. б.) сатып алмаймын және сатпаймын, үшінші тұлғаларға бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату туралы ұсыныстарды бермеймін. Мен инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға тиісті рұқсатсыз бермеймін.

Маған әріптесім немесе JTI компаниясымен серіктестік қарым-қатынас орнатқан компанияның қызметкері инсайдерлік ақпаратты алуға тырысып жатқаны және мұны қандай мақсатпен жасап жатқанын нақты түсіндіре алмайтыны мәлім болса, мен бұл туралы бас қаржы директорына немесе корпоративтік нормалар мен ережелерге сәйкестік жөніндегі бөлімшенің өкіліне дереу хабарлаймын.

Мұны қандай жағдайларда қолдануға болады

Төменде инсайдерлік операциялар қаупі төнуі мүмкін жағдайдың мысалдары келтірілген.

  • Бизнесті дамыту бөлімшесінің қызметкері қосылу объектісі бола алатын компания акцияларын сатып алғысы келер еді.
  • Қаржы бөлімшесінің қызметкері JT тобының жарияланбаған қаржылық ақпаратына қол жеткізе алады және JT компаниясындағы өз акцияларын сатқысы келеді.
  • Менің жұбайым JT тобының бірнеше акциясын сатып алғысы келеді және менен оның әлі жарияланбаған қаржылық көрсеткіштері туралы сұрайды.

Көбірек біліңіз