Адал тәсіліміз

Корпоративтік есептілік пен құжаттаманы жүргізу

Біз өз қызметімізде дұрыс, дәйекті, өзекті және нақты мәліметті қамтитын құжаттамаға сүйенеміз. Соның арқасында дұрыс шешім қабылдап, Компанияның абырой-беделін қорғап, операциялық тиімділікті арттырып, нормативтік-құқықтық талаптарды орындай аламыз.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Корпоративтік құжаттама қаржылық және операциялық көрсеткіштерді, жеке деректерді және құпия ақпаратты, мәжіліс хаттамаларын, коммерциялық жоспарларды, болжамдарды және талдамалы материалдарды қамтиды.

Коммерциялық және қаржылық құжаттама бизнесіміз және акционерлермен, іскерлік серіктестермен, мемлекеттік органдармен және басқа да мүдделі тұлғалармен орнатылған қарым-қатынасымыз үшін орасан зор мәнге ие.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Құжаттаманың жүргізілуі және сақталуы құпиялық пен қауіпсіздікке қойылатын талаптар орындалып жүзеге асырылуы үшін, бұл ретте құжаттар оңай табылатындай болуы үшін шара қолданамын. Құжаттарды сақтау және жою кезінде қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын орындаймын.

Компанияның қаржылық есептілігін немесе құжаттамасын жүргізумен айналысатын болсам, көпшілік мақұлдаған бухгалтерлік есеп қағидаттарын ұстанамын және құжаттарда дәйекті ақпараттың болуын, олардың сенімді жерде сақталуын және тиісінше рәсімделуін қадағалаймын.

Есептілікте қате жіберсем немесе оған деректерді қоспасам, соның салдарынан корпоративтік құжаттаманың бүтіндігі мен сенімділігіне нұқсан келуі мүмкін болса, осы туралы бас қаржы директорына, қаржы бақылаушысына немесе желілік басшыма дереу хабарлаймын.

Мұны қандай жағдайларда қолдануға болады

Төменде қаржылық есептілікке байланысты бұзушылық мысалдары келтірілген:

  • Есептілікте іс жүзінде жоқ табыстарды немесе шығындарды көрсету.
  • Биылғы есептік жылда жұмсалған шығындарды есептемеу.

Көбірек біліңіз