Бұл JTI үшін нені білдіреді?
Корпоративтік активтер машиналар мен жабдықтарды, АТ құрылғыларды, өнімдер мен өндірістік материалдарды, зияткерлік меншікті және корпоративтік деректерді қамтиды.
Корпоративтік активтерді тиісінше пайдаланбау, олардың жұмысқа дайын болмауы немесе жарамсыз болуы бизнесімізге нұқсан келтіруі, қаржылық шығындарға себеп болуы және абырой-беделімізді түсіруі мүмкін.
Зияткерлік меншігіміз ерекше құндылыққа ие, себебі ол бізге өнімдеріміз бен қызметтерімізді саралап жіктеуге және бәсекелестік артықшылығымызды сақтауға көмектеседі. Қызметкерлеріміз Компанияда жұмыс істеген кезеңде JTI үшін әзірлеген барлық өнертабыстар, ұсыныстар және жобалар JTI меншігі болып табылады, сондықтан оларды жеке тәртіппен сатуға болмайды.