Біздің өнімдеріміз

Іскерлік серіктестермен өзара іс-қимыл жасау

Компанияның табысын қамтамасыз етуде іскерлік серіктестеріміз маңызды рөл атқарады. Олар заңнаманы, адам құқықтарын және еңбек нормаларын ұстану, бизнес жүргізуге адал ниетпен қарау, сапа, еңбекті, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау сияқты бірқатар шарттар негізінде мұқият іріктеуден өтеді.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Іскерлік серіктестеріміздің қатарына клиенттер, жеткізушілер, ауыл шаруашылығы өндірушілері, темекі жапырағын сатушылар, дистрибьюторлар және коммерциялық қарым-қатынас орнатылған кез келген басқа тұлға кіреді.

Кез келген іскерлік серіктесіміздің әдепсіз қылығы Компанияның абырой-беделіне теріс ықпалын тигізуі мүмкін. Біз жоғары әдеп нормаларымызды ұстанатын серіктестермен жұмыс істеуге тырысамыз.

Барлық негізгі жеткізушілер JTI жеткізушілер стандарттарына сәйкес келуі тиіс, сондықтан біз негізгі жеткізушілерді осы стандарттарға сәйкестікке сертификаттаймыз.

JTI компаниясының ауыл шаруашылығы еңбегі саласындағы стандарттары бізбен жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы өндірушілері мен темекі жапырағын сатушылардың еңбегін ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған. Бұл стандарттар еңбек етушілердің құқықтары, еңбек пен денсаулықты қорғау, балалар еңбегі сияқты аспектілерді қамтиды.

Темекі өнімдерімізді сатып алатын, тасымалдайтын немесе сататын барлық іскерлік серіктестеріміз өздерінің адалдығы мен ақ ниеттілігінің арқасында мінсіз абырой-беделге ие екеніне көз жеткізу үшін, оларға қатысты кешенді тексерістер жүргіземіз.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Мен JTI компаниясының жеткізу желісіндегі жоғары стандарттарды қамтамасыз ету бағытындағы күш-жігерін нығайтамын, сондай-ақ іскерлік серіктестермен нақты болжамдар мен өзара құрмет негізінде орнатылған тығыз қарым-қатынасты үзбеймін.

Бұл іскерлік серіктестеріміз үшін нені білдіреді?

Іскерлік серіктестеріміз заңнаманың талаптарын орындайтынына, бизнес жүргізудің әдепті әдістерін қолданатынына және жоғары стандарттарымызды сақтайтынына сенеміз.

Бізге темекі жеткізетін барлық ауыл шаруашылығы өндірушілері мен темекі жапырағын сатушыларға JTI компаниясының ауыл шаруашылығы еңбегі саласындағы стандарттарын ұстануға кеңес беріледі. Бұл ретте Компания аталған стандарттарды сақтауға бағытталған бағдарламаларды іске асыру үшін көмек көрсетуге дайын.

Ауыл шаруашылығы еңбегі саласындағы стандарттардың қолданылуы

Ауыл шаруашылығы маусымында ауыл шаруашылығы сарапшыларымыздың бірі фермерлік шаруашылыққа үнемі барып тұрды. Осылай келіп-кетіп жүргенде, ол фермердің JTI компаниясы ұсынған жеке қорғаныс құралдарын қолданбай, пестицидтерді енгізіп жатқанын байқап қалады. Сарапшы пестицидтермен жұмыс істеген кезде денсаулық пен қауіпсіздікке қандай қауіп төнетінін және қорғаныс құралдары соларға жол бермеуге қалай көмектесетінін түсіндіріп берді. Ол фермерді өз ауданында біздің қолдауымызбен ұйымдастырылған осы тақырыптағы оқу сабағына қатысуға шақырды. Пестицидтерді енгізудің кезекті мерзімінде сарапшымыз фермердің жеке қорғаныс құралдарын қолданатынын ризашылықпен бақылады.

Көбірек біліңіз