Біздің өнімдеріміз

Өнімдер сапасын қамтамасыз ету

Біз JTI сапа стандарттарына және тұтынушылардың сұрауларына толығымен сәйкес келетін әлемдік деңгейдегі өндірісімізді мақтан тұтамыз.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Біз өнімдерді қатаң техникалық талаптарға сай өндіреміз және сенімді қайнар көздерден алынған жоғары сапалы темекі мен темекі емес материалдарды пайдаланамыз.

Сапаны бақылау нормативтік-құқықтық талаптарға толық сәйкестікте жабдықтаудың, өндірудің, сақтаудың, таратудың және клиенттерге қызмет көрсетудің барлық сатыларында жүзеге асырылады.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Мен уақыт бойынша немесе басқа ресурстар бойынша шектеулерге қарамастан, JTI компаниясының өнімдердің сапасы саласындағы стандарттарын әрдайым ұстанамын.

Мен өзара іс-қимыл жасайтын іскерлік серіктестердің барлығының да осылай жасауына қол жеткіземін.

Бұл іскерлік серіктестеріміз үшін нені білдіреді?

Біздің іскерлік серіктестеріміз қолданыстағы заңнаманың талаптарын, JTI Жеткізушілер стандарттарын, материалдар сапасының шарттарын және қызмет көрсету келісімдерінің талаптарын орындайтынына сенеміз. JTI талабы бойынша іскерлік серіктестер өз тауарларын немесе қызметтерін тексеруге ұсынуы тиіс.

Мұны қандай жағдайларда қолдануға болады

Төменде өнімдердің сапасына байланысты ықтимал мәселенің мысалдары келтірілген.

  • Дистрибьютор маған өнімдер топтамасында акциздік маркалардың жоқ екенін хабарлады.
  • Кейбір сигарет қораптарында тиісті блоктарға басылған брендтерден ерекшеленетін брендтер бейнеленген.
  • Клиент сигарет қораптары ашылған күйде жеткізілгенін, сондықтан олардың қолдан жасалған болуына алаңдап жатқанын хабарлады.

Көбірек біліңіз