Біздің қызметкерлеріміз

Қызметкерлердің барлығына бірдей құрметпен қарау

Біз сан алуан тұлғалардың болуын барынша құптаймыз және жұмыста кемсітушіліктен немесе қудалаудан қорықпай, өзін қалпында ұстауына мүмкіндік беретін инклюзивті корпоративтік мәдениетті қолдаймыз.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Қорлайтын жүріс-тұрыс, кемсітушілік және қудалау JTI құндылықтарына қарама-қайшы келеді, сондықтан өз алдымыздағы және бір-біріміздің алдымыздағы міндетіміз – мәселелер туындаған кезде тиісті шаралар қолдану.

Біз адамдарды кемсітпейміз және адамның жынысы, жасы, нәсілдік, этникалық және ұлттық тиістілігі, діні, мүгедектігі, жыныстық бағыты, отбасылық жағдайы сияқты және заңда көзделген кез келген басқа белгі бойынша кемсітуге төзімсіздік танытамыз.

Біз күш көрсету арқылы және сөзбен (ауызша, жазбаша түрде) қудалаудың және қорқытудың кез келген түріне төзімсіздік танытамыз.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Мен өзімдікінен ерекшеленетін мәдениеттерді, пікірлерді және өмір салтын қадірлеймін және құрметтеймін. Менің жүріс-тұрысым айналадағы адамдарға әсер ете алатынын ескеремін. Қорлайтын, агрессивті және қоқан-лоққы көрсететін сөз айтудан аулақпын. Мен жыныстық қатынасқа түсу туралы ешкімге астарлап айтпаймын және айналадағы адамдарға жағымсыз ишара жасаудан аулақпын.

Мен шылым шегуші болсам да, шылым шекпейтін адамдардың темекі түтіні әсер етпейтін жағдайларда жұмыс істеу құқығын құрметтеймін.

Біреу мені қандай да бір тәсілмен қорласа, кемсітсе немесе қудаласа, бұл туралы желілік басшыма, персоналмен жұмыс істеу жөніндегі маманға немесе корпоративтік нормалар мен ережелерге сәйкестік жөніндегі бөлімшенің өкіліне хабарлауым керек.

Басшы болғандықтан, сан алуан тұлғалардың болуын барынша құптаймын және әріптестерімнің барлығына бірдей құрметпен қараймын. Қабылдайтын шешімдерім әділ және дәйекті. Мен кемсіту мен қудалаудың кез келген түріне төзімсіздік танытамын, ал ықтимал бұзушылықтар туралы ақпарат алған кезде, дереу тиісті шара қолданамын.

Бұл іскерлік серіктестеріміз үшін нені білдіреді?

Біздің іскерлік серіктеріміз жұмыскерлерге құрмет көрсетілетін және әділ қарым-қатынасқа кепілдік берілетін және ешкімге қандай да бір қорлық немесе қоқан-лоққы көрсетілмейтін еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге тиіс.

Төменде әдепсіз немесе қорлайтын жүріс-тұрыс мысалдары келтірілген:

  • Жөнсіз немесе қорлайтын қалжың, жыныстық сипаттағы ескертулер немесе ерлерге не әйелдерге қатысты жағымсыз қақпа сөздер
  • Нәсілшілдікке қатысты пікірлер айту
  • Қызметкерді немесе қызметкерлер тобын кемсіту, мысалы, олардың қателерін басқа адамдардың көзінше айту
  • Жекелеген тұлғалардың немесе бір топ тұлғаның әлеуметтік тұрғыдан оқшаулануы, мысалы, оларға белгілі іс-шараларға немесе талқылауларға қатысуына негізсіз түрде рұқсат берілмеуі

Көбірек біліңіз