Қоғамдағы рөліміз

Адал бәсекелестік

Біз нарықтардың барлығында бәсекелестік туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, адал бәсекелестік күрес жүргіземіз.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Адал ниетті бәсекелестікті бұзуға бағытталған немесе оның бұзылуына себеп болатын кез келген іс-әрекет заңсыз болып саналады.

Адал бәсекелестік ережелерін сақтамағаны (соның ішінде абайсызда сақтамағаны) үшін Компания да, оның қызметкерлері де ауыр жазаға тартылуы мүмкін.

Біз өз қызметімізді жүргізгенде және стратегиялық шешімдерді қабылдағанда бәсекелестерге қарамаймыз. Клиенттеріміз өз клиенттеріне және нарықтағы бәсекелестік тәсілдеріне қатысты коммерциялық шешімдерді өз бетінше қабылдау мүмкіндігіне ие болуы тиіс деп санаймыз.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Мен адал бәсекелестік ережелерін және оларда қойылған шектеулерді білуге міндеттімін.

Кез келген жағдайда JTI коммерциялық стратегиясы мен іс-әрекет жоспарын бәсекелестерге қарамай айқындаймын. JTI мүддесінде ғана шешім қабылдаймын, бұл ретте бәсекелестермен кеңеспеймін, олармен өз іс-әрекетімді үйлестірмеймін, ешнәрсені келіспеймін және бәсекелестік тұрғысынан маңызды ақпаратты бөліспеймін.

Клиенттеріме өз клиенттерімен қалай өзара іс-қимыл жасау керек екені, нарықта қалай жұмыс істеу керек екені және бәсекелестік күресті қалай жүргізу керек екені туралы коммерциялық шешімдерді қабылдауда толық еркіндік беремін.

Бәсекелестік тұрғысынан маңызды ақпаратпен абайлап жұмыс істеймін және сондай ақпаратты таратқанда сақтық танытып, оның қорғанысын қамтамасыз етемін.

Жұмыс аймағымда жосықсыз бәсекелестік туралы күмән туындаса немесе бәсекелестік туралы заңнамаға және оның өзімнің жұмысыма қолданылуына қатысты сұрақтар туындаса, дереу заң бөлімшесінің өкілімен кеңесемін.

Бұл іскерлік серіктестеріміз үшін нені білдіреді?

Іскерлік серіктестер, сондай-ақ кеңесшілер және деректерді жеткізушілер қолданыстағы бәсекелестік туралы заңнаманы білуге және бәсекелестік тұрғысынан маңызды ақпараттың құпиялығын сақтауға міндетті.

Есіңізде болсын!

  • Жеке әңгімелерге, электрондық хаттарға және мәтіндік хабарларға ресми хаттар немесе қызметтік жазбахаттар сияқты мұқият қарау керек.
  • Салалық қауымдастықтар шеңберіндегі іс-шараларға бәсекелестермен кездесу сияқты қарау керек.
  • Бәсекелестермен кездесулерде және салалық қауымдастықтар мен ұйымдар шеңберіндегі іс-шараларда жүргізіліп жатқан барлық талқылауларды мұқият түрде құжаттау керек.

Көбірек біліңіз