Қоғамдағы рөліміз

Әлеуметтік салаға инвестиция салу

Компания жұмыс істеп жатқан өңірлердегі адамдардың өміріне жағымды үлес қосуға талпынамыз.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Әлеуметтік ықпалдастықты кеңейту бойынша шара қолданатын мұқият іріктелген қайырымдылық ұйымдарының көмегімен әлеуметтік, мәдени және экологиялық бағдарламаларды іске асыруға қаражат саламыз.

Сан алуан тұлғалар және инклюзивтілік қағидаттарына сай келмейтін жекелеген тұлғаларға, коммерциялық ұйымдарға немесе ұйымдарға қолғабыс етпейміз.

JTI тұтынушылық брендтері әлеуметтік салаға инвестиция салу бағдарламаларымен ешбір жағдайда байланыстырылмауы тиіс.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Әлеуметтік салаға инвестиция салуға арналған серіктестерді немесе бағдарламаларды іріктеумен айналыссам, JTI компаниясының әлеуметтік салаға инвестиция салу жөніндегі саясатында баяндалған процедураларды ұстанамын.

Ортақ іске қалай қосымша үлес қоса аламын?

  • Әлеуметтік салаға инвестиция салу жөніндегі үйлестірушіңізден өңіріңізде осы бағыттағы қандай бағдарламалар іске асырылып жатқанын және оларға қалай қатысуға болатынын анықтаңыз.

Көбірек біліңіз