Қоғамдағы рөліміз

Қоршаған ортаны қорғау

Біздің бизнесіміз ауқымды ауыл шаруашылығы компоненті бар экологиялық тұрақты жеткізу желісіне тәуелді. Жұмыс барысында табиғи ресурстарды болашақ ұрпаққа сақтап қалу үшін қоршаған ортаға тиетін теріс әсерді барынша азайтуға тырысамыз.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндеттемелерімізді толығымен сақтауға, осы саладағы үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз етуге және тиісті нәтижелер туралы ақпаратты жариялауға талпынамыз.

Компанияның бизнесі мен жеткізу желісіне климаттың өзгеруі, табиғи ресурстардың таусылуы, судың тапшылығы және аса маңызды экожүйелердің бұзылуы әсер етеді.
Энергия тұтыну мөлшерін және көмірқышқыл газ шығарындыларын азайтуға, тиісті бағдарламаларды іске асыруға және жаңғыртылатын энергетиканы дамытуға қаражат салуға талпынамыз.

Сонымен қатар су тұтыну мөлшерін қысқартамыз және қызметіміздегі қалдық көлемін барынша азайтуға талпынамыз. Оған қоса осы үшін Компания тиісті оқу және ақпараттық-түсіндіру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Біз жеткізу желісіндегі экологиялық тәуекелдерді бағалаймыз және осы тәуекелдерді азайтуға бағытталған кешенді тәсілді қолданамыз. Атап айтқанда осы мақсатпен сатып алуды жүзеге асырамыз және темекі жапырағын жеткізушілермен, өндірушілермен және басқа да мүдделі тұлғалармен қызмет жасаймыз.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Жұмыс барысында электр энергияны, суды және материалдарды барынша тиімді пайдалануға тырысамын. Коммерциялық шешімдерді қабылдағанда экологиялық аспектілерді ескеремін. Менің шешімім қандай экологиялық салдарға әкелетініне сенімсіз болсам, бұл мәселе бойынша еңбекті, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жергілікті маманмен кеңесемін.

Басшы болғандықтан, ұжымда экологиялық жауапты жүріс-тұрысты әдетке айналдыруға және тиісті табиғат қорғау процедураларының сақталуын қамтамасыз етуге міндеттімін. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметімізді жетілдіруге бағытталған бағдарламаларға белсенді түрде қатысамын.

Бұл іскерлік серіктестеріміз үшін нені білдіреді?

Іскерлік серіктестеріміз экологиялық тәуекелдерді және қоршаған ортаға жағымсыз әсерді тиімді түрде азайту үшін тиісті басқару тетіктерін қолдануы керек. Оған қоса іскерлік серіктестерімізді жеткізу желісіндегі экологиялық мәселелерді бізбен бірге анықтауға және жоюға шақырамыз.

Ортақ іске қалай қосымша үлес қоса аламын?

  • Ресурстарды, материалдарды және тағы басқаны тұтыну мөлшерін азайту, сондай-ақ қалдықтарды қысқарту бойынша мүмкіндіктерді анықтап, идеялар ұсыныңыз.
  • Электр энергия мен судың пайдаланылуына жауапты қараңыз, қолданылмайтын тиісті жабдықты сөндіріп қойыңыз.
  • Жергілікті экологиялық бағдарламаларға қатысыңыз.
  • Іске асырылған экологиялық жобалар туралы мәліметті JTI компаниясының тұрақты даму саласындағы жыл сайынғы конкурсына жіберіңіз.

Көбірек біліңіз