Қоғамдағы рөліміз

Саяси бейтарап позиция

Корпоративтік мүдделерге сәйкес Компания саяси бейтарап позицияны ұстанады.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Біз JTI үшін тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен мемлекеттік органдарға, олардың өкілдеріне немесе заң шығарушыларға тиіссіз ықпал көрсетпейміз және көрсетуге тырыспаймыз.

Компания қызметкерлерінің саяси өмірге белсенді түрде қатысуы олардың жеке позициясын білдірсе және JTI компаниясымен мүлде байланысты болмаса, біз қызметкерлердің осы құқығын сақтаймыз.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Менің саяси талғамдарым менің жеке позициямды білдіреді және JTI компаниясындағы жұмысыммен байланысты емес. Мен саяси қызметпен жұмыстан бос уақытта айналысамын, бұл ретте JTI ресурстарын, электрондық поштаның корпоративтік мекенжайларын немесе Компанияның өзге деректемелерін қолданбаймын.

Жұмыс орнында ешқандай саяси науқан жүргізбеймін, әріптестерімді үгіттемеймін және өзімнің саяси қызметімді қаржылық қолдаумен қамтамасыз етуге тырыспаймын.

Қандай да бір саяси лауазымға тағайындалуға талаптансам, бұл туралы өзімнің басшыма, сондай-ақ жергілікті немесе өңірлік кеңесші заңгерге хабарлауым керек.

Мұны қандай жағдайларда қолдануға болады

Төменде саяси қызметке қатысуға байланысты мәселенің мысалдары келтірілген.

  • JTI аумағында парламент депутатына үміткердің қатысуымен митинг ұйымдастырғым келеді.
  • Жергілікті саяси өмірге жұмыстан бос уақытта белсенді түрде қатысамын және өз кандидатурамды жергілікті кеңес мүшесі лауазымына ұсынғым келеді.
  • Әріптесім саяси митингілерге қатысу үшін JTI таңбасы бейнеленген автокөлікті қолданады.

Көбірек біліңіз