Бұл JTI үшін нені білдіреді?
Адам құқықтары – әлемнің кез келген өңіріндегі кез келген адамға бірдей қолданылатын әмбебап нормалар. Олар мүмкіндіктер теңдігі, еңбек нормалары, сөз еркіндігі және жеке деректерді қорғау сияқты аспектілерді қамтиды.
Барлық қызметкерлерге адамның құқықтарын нақты түсіндіреміз және осы саладағы ықтимал мәселелерді анықтау және жою мақсатымен әсерді бағалаймыз.
Халықаралық құрылымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және жеке компаниялармен орнатылған ынтымақтастық негізінде адам құқықтарына қауіп төнетін жағдайларды жақсарту бойынша шара қолданамыз. Біз Компанияның қызметінде балалар еңбегін қолдану тәуекеліне жол бермеу және мәдени салт-дәстүрі осындай тәжірибеге рұқсат беретін өңірлерде бұл құбылысты жою үшін қолымыздан келгеннің барлығын істеп жатырмыз.