«Сіздің гидіңіз» шешім қабылдау үлгісі

Қабылдайтын шешімдеріңіз бәрімізге де ықпал етуі мүмкін.

Әрбіріміз JTI компаниясының корпоративтік стандарттары мен құндылықтарын нығайтуда маңызды рөл атқарамыз, осылайша Компанияның үздік жұмыс берушілердің бірі болып қала беруіне көмектесеміз және оның абырой-беделін сақтаймыз. Күнделікті жағдайлардың көбінде Компанияның құндылықтарын, Жүріс-тұрыс кодексін және басқа да саясаттары мен процедураларын түсіне отырып, көп ойланбай дұрыс шешім қабылдай аласыз. Мұнда сізге өзіңіздің салауатты ойыңыз да көмектеседі. Алайда қандай әрекеттің дұрыс екеніне сенімсіз болатын жағдайға ұшырауыңыз ғажап емес. Бұл жағдайда барлық маңызды факторларды ескеруге және шешімнің ықтимал салдарын болжауға мүмкіндік беретін «Сіздің гидіңіз» үлгісі көмектеседі. «Сіздің гидіңіз» – жеке мүдделеріңізді ескере отырып және JTI компаниясының игілігіне дұрыс шешім қабылдауыңызға мүмкіндік беретін қарапайым құрал.

Күмәнді жағдайға тап болсаңыз онда өзіңізден: «Мәселе неде?» деп сұраңыз.

Мысалы, келесі жағдайларда сенімсіз болсаңыз:

  • Жасағалы жатқан ісіңізге
  • Сізден жасап беруді өтінген іске
  • Көргеніңізге немесе естігеніңізге.

Ойланып көріңізші, өзіңізді келесі жағдайларда қалай сезінер едіңіз:

  • БАҚ-та бұл туралы репортажды көріп қалсаңыз.
  • мұны сіздің жақындарыңыз біліп қалса.

Содан соң төмендегіні анықтаңыз:

  • Бұл заңға қарама-қайшы келмей ме
  • Бұл компаниямыздың құндылықтарына және Жүріс-тұрыс кодексіне сәйкес келе ме
  • Бұл өзіңіздің жеке құндылықтарыңызға сәйкес келе ме.

Барлығы қанағаттандырып жатса,

әрекет етіңіз.

Бәрібір алаңдататын нәрсе бар ма? Әлі де толық сенімді емессіз бе?

Келесі тұлғалардың кез келгенінен ақыл-кеңес алыңыз:

  • Басшыңыз.
  • Персоналмен жұмыс істеу жөніндегі жергілікті байланыс тұлғасы
  • Жергілікті кеңесші заңгер
  • Корпоративтік нормалар мен ережелерге сәйкестік жөніндегі бөлімшенің өкілі.
Артқа Желілік басшы ретіндегі рөліңіз
Келесі Ықтимал бұзушылықтар туралы ақпарат беру