Желілік басшы ретіндегі рөліңіз

Біздің Кодексіміз, саясаттарының және процедураларының ережелері барлық қызметкерлерге қолданылады, дегенмен басшы ретінде жақсы үлгі көрсетесіз, JTI құндылықтарын жүзеге асырасыз, сондай-ақ басқаларды әрқашан және барлық жағдайда әдепті және жауапты түрде әрекет етуге жігерлендіресіз деген үміттеміз.

Басшы болғандықтан, өз қызметкерлеріңізді Кодекстің ережелерімен таныстыруда өзекті рөл атқарасыз. Олардың әрбірінің өзінен не талап етілетінін түсінгені, оқудан өткені және әдеп тұрғысынан дұрыс болып саналатын шешімдерді қабылдауға қажетті нұсқауларды алып тұрғаны маңызды.

Ұжымыңыздың мүшелері Компанияға ықтимал бұзушылықтар туралы хабарлаудан қорықпайтын және кімге жүгіне алатынын білетін жұмыс ахуалын жасай алатыныңызға сенеміз. Қызметкер сізге ықтимал бұзушылық туралы хабарласа, сіз бұған байыппен қарап, өз қызметкеріңізге мәселені құпия түрде шешіп, қудалаудан немесе жағымсыз жағдайлардан қорықпайтындай етіп көмектесуіңіз керек. Осындай жағдай туындағанда, Ықтимал бұзушылық туралы хабарды алған кездегі іс-әрекет бойынша желілік басшыларға арналған нұсқаулықты басшылыққа алу керек.

Келесі бөлімде ұжымдағы әдепті жүріс-тұрысты нығайтуға көмектесетін кейбір тәжірибелік құралдарды таба аласыз. Атап айтқанда, оларға: қысқаша нұсқаулық, моральдық дилемма мысалдары және уақыт өте келе жаңартылып тұратын басқа материалдар да кіреді.

Қазір Кодекстің басылып шыққан данасын оқып жатсаңыз және аталған құралдарға қол жеткізе алмасаңыз, онда персоналмен жұмыс істеу жөніндегі жергілікті маманға немесе корпоративтік нормалар мен ережелерге сәйкестік жөніндегі бөлімшенің өкіліне жүгініңіз.

Артқа Кодекс туралы жалпы мәлімет
Келесі Сіздің гидіңіз