Жүріс-тұрыс кодексімізбен таныс болыңыз

Құрметті әріптес!

Біздің мақсатымыз – нөмірі бірінші темекі компаниясы болу, алайда бұл мақсатқа кез-келген бағамен қол жеткізуге болмайды. Жүріс-тұрыс кодексіміздің шеңберінде әрекет ете отырып, әрқашан және барлық жағдайда дұрыс қылық танытатын болсақ қана табысқа жете аламыз.

Жүріс-тұрыс кодексін күмәнданған жағдайда дұрыс бағыт беретін компас ретінде жиі қарастырамын. Оны нұсқаулық ретінде қолдануға, ал одан көкейіңізде жүрген сұрақтың жауабын іздеп таба алмасаңыз – ақыл-кеңес сұрауға шақырамын. Компаниямыздың абырой-беделі де, оның табысы да әркімнің аянбай еңбек етуіне және өз қызметімізде бірдей стандарттарды басшылыққа алуымызға байланысты болып келеді.

JTI компаниясында әр түрлі адамдар жұмыс істесе де, бірдей әдеп нормаларын және ортақ корпоративтік құндылықтарды басшылыққа алуымыз керек. Кодекс жұмыс барысында бізге бағдар бере отырып, компаниямызды басқалардан ерекшелендіретін қағидаттарды бекіте отырып, осыған септігін тигізеді.

Бұл ретте Кодекс әрбірімізге жекелей жүгінгенімен, ұйымның ішіндегі командалық рухты да қолдайды. Кез келген шешім ортақ нәтижелерге айтарлықтай ықпал етуі мүмкін, сол себепті әрбіріміз ортақ табысқа жету жолында өз үлесімізді қосуға тиіспіз.

Осы орайда JTI Жүріс-тұрыс кодексін белсенді түрде жүзеге асыруыңызды сұраймын. Оның қиын түгі де жоқ, себебі оның көптеген ережелері салауатты ойға сүйеніп қабылданған. Оны, мен сияқты, компаниямыздың мәнін жақсырақ түсіну және әр жұмыс күнінің соңында бәрін дұрыс істегеніңді есіңе түсіріп отыру үшін қолданыңыз.


Эдди Пирар
Президент және бас атқарушы директор

«Біздің мақсатымыз – нөмірі бірінші темекі компаниясы болу, алайда бұл мақсатқа кез-келген бағамен қол жеткізуге болмайды.»

Келесі Жүріс-тұрыс кодексімізді ұстаныңыз