Кодекс туралы жалпы мәлімет

Біз әдепті жүріс-тұрыстың ең жоғары стандарттарына сай жұмыс істейміз, сондай-ақ барлық қызметкерлеріміз, іскерлік серіктестеріміз және әлемнің кез келген өңірінде біздің атымыздан әрекет ететін кез келген тұлға осы стандарттарды ұстанады деген үміттеміз. Бұл жауапты компания ретіндегі абырой-беделімізді қолдау және бизнестегі тұрақты табысымызды қамтамасыз ету үшін өте маңызды.

Осы Жүріс-тұрыс кодексі әлемнің кез келген өңіріндегі JTI құрамындағы кез келген заңды тұлғамен еңбек қатынасында тұрған барлық тұлғаларға, сондай-ақ бөгде (уақытша) қызметкерлерге (тіпті JTI олардың тікелей жұмыс берушісі болмаса да) таралады.

Осы Кодекстің ережелері жан-жақты емес және жергілікті заңнаманың талаптарын, сондай-ақ JTI компаниясында қолданылатын жұмыс нұсқаулықтарын, саясаттарды және процедураларды алмастырмайды. Осы Кодекстің талаптары мен қолданыстағы заңнаманың арасында қарама-қайшылық болған жағдайда, аса қатаң талаптар басым күшке ие болады. Алайда қолданыстағы заңнаманы ешбір жағдайда бұзуға болмайды.

JTI Жүріс-тұрыс кодексін, құқықтық міндеттемелерімізді немесе жұмыс нұсқаулықтарымызды, саясаттарымызды және процедураларымызды ұстанбау салдарынан тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

Біздің құндылықтарымызға ортақтасатын және осы Кодексте баяндалған стандарттарды ұстану бойынша айқын міндеттемелерді қабылдайтын серіктестермен жұмыс істегіміз келеді.

Кодекстің әр бөлімінде қосымша ресурс сілтемелері келтірілген, атап айтқанда:

Сұрақтар немесе мәселелер туындаған кезде кімге жүгіну керек екені.
Қолдануға болатын саясаттар мен процедуралардың атауы және олардың сілтемелері.
JTI корпоративтік желісі не интернетте бар басқа ресурс сілтемелері.
Осы Кодекстің байланысқан бөлімдерінің сілтемелері.

Кодексті жергілікті тілдерге аударуға болады, дегенмен оның жалғыз ресми редакциясы – ағылшын тіліндегі түпнұсқасы болып қала береді.

2018 жылғы маусымнан бастап күшіне енетін Кодекстің осы редакциясы электрондық және басылып шыққан нұсқадағы алдыңғы редакциялардың барлығын алмастырады. Кодекс уақыты келгенде қайта қаралып, түзетіліп тұрады.

Артқа Жүріс-тұрыс кодексімізді ұстаныңыз
Келесі Желілік басшы ретіндегі рөліңіз