Адал тәсіліміз

Қаржылық қылмыстардың алдын алу

Біз қаржылық қылмыстарға төзімсіздік танытамыз және тиісті тәуекелдерді белсенді түрде басқарамыз.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Қаржылық қылмыстар қоғам мен мемлекетке нұқсан келтіреді; оған қоса олар JTI бизнесі мен абырой-беделіне теріс әсерін тигізуі мүмкін.

Қаржылық қылмыстар қатарына ақшаны жылыстату, салық төлеуден жалтару және салық төлеуден жалтаруға қолғабыс ету кіреді. Ақшаны жылыстату – заңсыз жолмен алынған ақшалай қаражатты сырттан қарағанда заңды болып көрінетін ақшалай қаражатқа немесе өзге активтерге айналдыру процесі. Салық төлеуден жалтару – қажетті салық төлемдерінен жалтару мақсатымен шара қолдану. Салық төлеуден жалтаруға қолғабыс ету – іскерлік серіктестің немесе өзге үшінші тұлғаның салық төлемеуіне көмек көрсету.

Компания немесе тиісті қызметкер жасалған іс-әрекеттерден пайда таппаса да, JTI компаниясы мен оның қызметкерлері қаржылық қылмыс жасағаны немесе жасауға жәрдем бергені үшін ауыр жазаға тартылуы мүмкін. Осылайша, осындай іс-әрекеттерді жасауға қасақана немесе абайсызда қолғабыс етсеңіз, жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Қандай болмасын қаржылық қылмыстарға қатыспауым немесе оларға жәрдем бермеуім керек.

JTI компаниясының ақшаны жылыстатуға қарсы әрекет жөніндегі саясаты келіп түсетін және аударылатын коммерциялық төлемдерді жасау ережелерін айқындайды; оның көмегімен ақшаны жылыстатуға жәрдем бермейтініме көз жеткізе аламын.

Менен салық төлеуден жалтаруға немесе ақшаны жылыстатуға себеп бола алатын іс-әрекет жасауды сұраса, бас тартып, бұл туралы дереу хабарлаймын.

Әріптес немесе іскерлік серіктес қаржылық қылмысқа қатысып жатқаны жөнінде күмән туындаса, бұл туралы хабарлауға дайынмын.

Бұл іскерлік серіктестеріміз үшін нені білдіреді?

Іскерлік серіктестеріміз, соның ішінде біздің атымыздан әрекет ететін іскерлік серіктестеріміз қаржылық қылмыстарға біз сияқты төзімсіздік танытатынына сенеміз. Іскерлік серіктес қандай болмасын қаржылық қылмысқа қатысты болса, біз онымен шарттық қарым-қатынастарды тоқтату құқығын пайдаланатын боламыз.

Іскерлік серіктестен қаржылық қылмыстың жасалуына себеп бола алатын қандай да бір іс-әрекет жасауды сұраса, ол өзінің күдігі туралы дереу onebehavior@jti.com мекенжайына хабарлауы тиіс.

Мұны қандай жағдайларда қолдануға болады

Төменде ықтимал қаржылық қылмыс мысалдары келтірілген.

  • Іскерлік серіктес менен бейтаныс үшінші тұлғаның атына тіркелген шетелдік банк шотына төлемді қайта жөнелтуді өтінді, сондықтан ол салық төлеуден жалтарғысы келе ме деп күдіктеніп отырмын.
  • Клиент төленуі тиіс ҚҚС мен басқа салықтар (баждар) сомасын азайту үшін өзіне ұсынылатын шотта сатып алынған тауарлардың (қызметтердің) жалған сипаттамасын беруімді өтінді.

Көбірек біліңіз