Бұл JTI үшін нені білдіреді?
Экономикалық санкциялар және экспорттық бақылау шаралары бизнесті белгілі тұлғалармен, ұйымдармен және елдермен жүргізуді, сондай-ақ белгілі тауарлар мен қызметтердің экспортын немесе импортын шектеуі немесе оларға тыйым салуы мүмкін. Санкцияларды және экспорттық бақылау шараларын бұзғаны (соның ішінде абайсызда бұзғаны) үшін Компания да, оның қызметкерлері де ауыр жазаға тартылуы мүмкін.
JTI компаниясында кәсіпорындарымыздың немесе қызметкерлеріміздің тыйым салынған мәмілелерге қатысу мүмкіндігіне жол бермеуге арналған процедуралар мен саясаттар қолданылады.