Біздің өнімдеріміз

Заңсыз саудамен күресу

Біз құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдармен орнатылған серіктестік қатынасқа сүйене отырып, сондай-ақ тиісті озық технологияларды әзірлей отырып, темекі өнімдерінің заңсыз саудасымен күресу саласының көшін бастап келеміз.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

JT тобы заңсыз темекі өнімдеріне қарсылық білдіреді және заңсыз сауданың кез келген түріне қарсы әрекет етуді борышым деп санайды. Осы құбылыспен күресу үшін өз жеткізу желіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз және құқық қорғау органдарындағы серіктестерімізбен тығыз өзара іс-қимыл жасаймыз.

Темекі өнімдерінің заңсыз саудасы заңды сақтайтын темекі компанияларының қызметіне кедергі келтіреді, мемлекеттік бюджетке түсетін салықтың мөлшерін азайтады және ұйымдастырылған қылмыстың дамуына ықпал етеді.

Біз нарықтарымызды мұқият бақылаймыз және клиенттеріміздің қызметін қадағалаймыз, осылайша JTI темекі өнімдерінің кәмелетке толған тұтынушыларға тек заңды сауда арналары арқылы және тек өзі арналған нарықтарға келіп түсуін қамтамасыз етеміз.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

JTI компаниясының темекі өнімдерін заңды жеткізу желісін қамтамасыз ету бағытындағы күш-жігерін қолдай отырып, менімен жұмыс істейтін әр іскерлік серіктес JTI Жеткізушілер стандарттарымен және тиісті корпоративтік саясаттармен танысып шығуы үшін шара қолданамын. Темекі өнімдерімізді сатып алатын, тасымалдайтын немесе сататын кез келген іскерлік серіктес сенімді абырой-беделге ие болуы тиіс және жеткізушілер мен клиенттерді сертификаттау бағдарламаларымыздың шеңберінде мұқият тексерістен өтуге міндетті.

Мен іскерлік серіктестің немесе JTI өнімдерінің қатысуымен жасалған кез келген күмәнді мәміле немесе операция туралы заңсыз саудамен күресу жөніндегі бөлімшенің немесе корпоративтік нормалар мен ережелерге сәйкестік жөніндегі бөлімшенің өкіліне дереу хабарлауға дайынмын.

Бұл іскерлік серіктестеріміз үшін нені білдіреді?

Іскерлік серіктестеріміз JTI тобын, сондай-ақ өздерінің коммерциялық операциялары мен жеткізу тізбектерін заңсыз сауданың кез келген түрінен арашалай алатынына сенеміз. Оған қоса іскерлік серіктестерден жеткізушілер мен клиенттерді сертификаттау бағдарламаларымыздың шеңберінде жан-жақты өзара іс-қимыл жасауын күтеміз.

JTI өнімдерін тәркілеуге қатысты кез келген факт бойынша заңсыз саудамен күресу жөніндегі бөлімшеміз құқық қорғау органдарымен бірге тергеу жүргізеді. Тергеу барысында қандай да бір іскерлік серіктесіміздің абырой-беделі күмән тудыратын болса, жеткізу желісін қауіпсіздендіру, сонымен қатар қажет болғанда іскерлік қарым-қатынасты тоқтату үшін тиісті шара қолданамыз.

Сандар ғана

  • Орташа есеппен алғанда, әлемде шегілетін әр оныншы сигарет заңсыз жолмен сатылған.
  • Жыл сайын бүкіл дүниежүзіндегі мемлекеттік бюджеттерге жалпы сомасы 40 млрд АҚШ долларынан астам салық кем түседі екен.
  • 2017 жылы құқық қорғау органдарымен орнатылған серіктестік қарым-қатынасымыздың арқасында, 1 млрд. астам заңсыз сигарет (немесе заңсыз темекінің балама мөлшері) тәркіленді.

Көбірек біліңіз