Біздің өнімдеріміз

Өнімдер маркетингіне жауаптылықпен қарау

Біз өнімдеріміздің маркетингіне жауаптылықпен қараймыз, оларды кәмелетке толған темекі шегушілер арасында ғана танытамыз.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Біз осы міндеттемеге барынша байыппен қараймыз, JT тобында қолданылатын барлық тиісті нормативтік талаптар мен Темекі өнімдері маркетингінің халықаралық қағидаттарын толығымен орындаймыз.

Біз өнімдерімізді кәмелетке толмаған адамдар арасында танытпаймыз, ешкімді темекі шегуге итермелемейміз және темекі шегушілерді темекі шегуден бас тартпауға көндіріп жатқан жоқпыз. Біз тұтынушылардың Компания брендтеріне деген адалдығын қолдап отыру, сондай-ақ бәсекелес брендтердің кәмелетке толған тұтынушыларын өз талғамын JTI өнімдері пайдасына өзгертуге ынталандыру үшін өнімдерімізді кәмелетке толған темекі шегушілер арасында танытамыз.

Біздің ойымызша, кәмелетке толған тұтынушылар темекі шегу немесе темекі шекпеу туралы шешім қабылдаған кезде темекі шегуге байланысты денсаулыққа төнетін қауіп жөнінде тиісінше хабардар етілуі тиіс.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Мен маркетингімен немесе сатумен айналыссам, осы саладағы корпоративтік саясаттармен, нұсқаулықтармен және процедуралармен, сондай-ақ JT тобында қолданылатын темекі өнімдері маркетингінің халықаралық қағидаттарының және нормативтік-құқықтық талаптардың барлығымен танысып шығуға міндеттімін. Күнделікті қызметімде аталған құжаттар мен талаптардың барлығын әрдайым басшылыққа аламын.

Бұл іскерлік серіктестеріміз үшін нені білдіреді?

Нарықты зерттеуге, брендтерге маркетинг жүргізуге, өнімдерді танытуға немесе маркетинг және сату саласындағы өзге қызметке тартылатын іскерлік серіктестеріміздің барлығы осы саладағы саясаттарымызды, нұсқаулықтарымызды және процедураларымызды, сондай-ақ JT тобында қолданылатын темекі өнімдері маркетингінің халықаралық қағидаттарының және нормативтік-құқықтық талаптардың барлығын орындауға тиіс.

Мұны қандай жағдайларда қолдануға болады?

Төменде маркетингіге жауапты қатынасты еш аңғартпайтын маркетингілік іс-шараның мысалдары келтірілген.

  • Біз кәмелетке толмаған немесе темекі шекпейтін адамдар қол жеткізе алатын интернетте орналастырылатын бөгде материалдарда (мысалы, бейнероликтер мен блогтарда) темекі өнімдеріміздің көрсетілуіне ақы төлейміз немесе оған кедергі келтірмейміз.
  • Сигарет брендтеріміздің бірі бейнеленген жарнамалық қалқан мектеп кіреберісіне қарама-қарсы орнатылған.
  • Брендтің интернеттегі сайтында тұтынушылардың жасын тексеретін тиісті жүйе жоқ.

Көбірек біліңіз