Біздің қызметкерлеріміз

Еңбек пен денсаулықты қорғау

Барлық қызметкерлер өндірістік жарақаттарға және кәсіби ауруларға жол берілмейтін жағдайларда жұмыс істеуге құқылы. Біз денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеміз және қызметкерлердің еңбегі мен денсаулығын қорғау мәселесі маңызды орын алатын корпоративтік мәдениетті қолдаймыз.

Бұл JTI үшін нені білдіреді?

Бірлесіп күш салыссақ, еңбекті қорғау мәдениетін нығайтамыз және жұмыс орнындағы қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етеміз. Біз қауіпсіздік техникасын білуді әдетке айналдырамыз, қауіпті факторларды түсінуге, жазатайым оқиғалардың алдын алуға және барлық қызметкерлердің денсаулығын қорғауға мүмкіндік беретін мәліметтер мен құралдарды қолданамыз.

Бұл мен үшін қызметкер ретінде нені білдіреді?

Мен еңбек пен денсаулықты қорғау саласындағы қажетті даярлықтан толық көлемде өтіп тұрамын және тиісті жергілікті процедураларды білемін.

Мен өзімнің қауіпсіздігіме және әріптестерімнің қауіпсіздігіне жауаптымын. Өндірістік жабдықпен жұмыс істей отырып немесе корпоративтік көлік құралын басқара отырып, өзімді қауіпсіз және жауапты түрде ұстап, тәуекелдер мен қауіп-қатерді ескеруім керек. Сыни тұрғыдан ойлау қабілетімнің немесе іс-әрекетімнің тиімділігінің төмендеуі салдарынан өзіме немесе айналадағы адамдарға зиян келтіре алатын болсам, өндірістік жабдықпен жұмыс істемеуім, көлік құралын басқармауым немесе өзге қызметпен айналыспауым керек.

Мен Компанияға қауіпті ахуал, жазатайым оқиғалар, апаттық жағдайлар және қауіпті жүріс-тұрыс туралы әрдайым хабарлаймын.

Басшы болғандықтан, еңбек қорғау мәдениетін нығайту үшін уақытылы шара қолданамын. Қызметкерлердің қажетті білім мен дағдыларға ие болуын, қажетті даярлықтан өтіп тұруын және қауіпсіз жұмыс істеуге қажетті жабдықты қолдануын қамтамасыз етемін. Жазатайым оқиға орын алғанын немесе денсаулық пен қауіпсіздікке қауіп төніп тұрғанын естісем, дереу тиісті шара қолданамын.

Бұл іскерлік серіктестеріміз үшін нені білдіреді?

Іскерлік серіктестеріміз қауіпсіз еңбек жағдайлары мен жұмыс әдістерін қамтамасыз ететініне сенеміз. Оларда еңбек пен денсаулықты қорғауға мүмкіндік беретін тиісті корпорацияішілік саясаттар мен жүйелер қолданылуы тиіс.

Мұны қандай жағдайларда қолдануға болады?

Төменде қауіпті немесе тәуекелді жағдайдың мысалдары келтірілген.

  • Әріптесім алкогольдің әсерінде бола тұра, автокөлікті басқарғалы немесе өндірістік жабдықпен жұмыс істегелі жатқанына алаңдап отырмын.
  • Басшы менен белгілі бір тапсырманы орындауды сұрады, бірақ оны қауіпсіз түрде орындау үшін әлі тиісті даярлықтан өткен жоқпын.
  • Маған немесе әріптесіме жарақат келтіре алатын зақымдалған электр кабельді байқап қалдым.

Көбірек біліңіз