Ықтимал бұзушылықтар туралы ақпарат беру

Бір-бірімізбен және іскерлік серіктестерімізбен қарым-қатынас жасаған кезде бәріміз де өзара сыйластық негізінде әділ және адал әрекет етуге міндеттіміз. JTI компаниясында ықтимал бұзушылықтар туралы хабарлардың барлығына да байыппен қараймыз және мәселелерді шешу үшін қажетті шараларды қолданамыз.

Ықтимал бұзушылық туралы кімге хабарлау керек?

Күмән немесе сұрақтар туындағанда, әрқашан ақыл-кеңес алу керек. Кодекстің ішінде кездесетін «Қосымша ақпарат көздері» бөлімдері, сізді тиісті мәселелерде көмектесе алатын немесе қосымша ақпаратты ұсына алатын нақты бөлімшелерге бағыттайды.

Сізге, жеке пікіріңізше, заңнаманы, JTI Кодексін, саясаттарын немесе процедураларын бұзушылық болып саналуы мүмкін немесе Компанияның бизнесіне не абырой-беделіне қауіп төндіре алатын жағдаяттар мәлім болса, бұл туралы хабарлауыңыз керек.

Қандай да мәселе болмасын, оны басшыңызбен немесе персоналмен жұмыс істеу жөніндегі жергілікті маманмен құпия түрде талқылай аласыз. Бұл нұсқалар көңіліңізден шықпаса, ықтимал бұзушылық туралы «Сіздің дауысыңыз» тәуелсіз құпия ақпарат беру арнасы арқылы хабарлауға болады.

Ықтимал бұзушылық туралы хабарласаңыз, мұны адал ниетпен жасау керек. Демек соңында олай емес екені анықталса да, хабарыңыздың шындыққа жанасатыны жөнінде жеткілікті негіздемелер болу керек. Қасақана жалған, бағыттан адастыратын немесе арам ниетті хабарлар бергені үшін кінәлі адамға тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін.

Ықтимал бұзушылық туралы қашан хабарлау керек?

Ақпарат беру тәсілінің қайсысын таңдасаңыз да, ықтимал бұзушылық туралы тезірек хабарлау керек. Кідіртсеңіз, жағдайдың сіз үшін де, JTI үшін де ушығып кетуі ғажап емес. Оған қоса бұл жағдайда мәселені жою қиындай түсуі мүмкін.

Ықтимал бұзушылық туралы адал ниетпен хабарлаған немесе тергеу барысында қолғабыс еткен кез келген тұлғаға қатысты кез келген қудалау елеулі тәртіптік теріс қылық деп танылады.

«Сіздің дауысыңыз» жүйесі қалай жұмыс істейді

Хабар

«Сіздің дауысыңыз» жүйесі арқылы ықтимал құқыққа қайшы қылық туралы түрлі тәсілмен хабарлауға болады. Ақпарат беру тәсілінің қайсысын таңдасаңыз да, жеке деректеріңізді өзіңіз жариялағыңыз келмесе, оларды «Сіздің дауысыңыз» процедурасының шеңберінде ешкім жарияламайды.
  • «Сіздің дауысыңыз» жүйесінің байланыс тұлғасына жүгініңіз
  • «Сіздің дауысыңыз» интернет порталы арқылы хабар жіберіңіз
  • Хабарды электрондық пошта арқылы корпоративтік нормалар мен ережелерге сәйкестік жөніндегі бөлімшенің өзіне, onebehavior@jti.com мекенжайына жіберіңіз

Талдау

Байланыс тұлғаңыз хабарды корпоративтік нормалар мен ережелерге сәйкестік жөніндегі бөлімшенің үйлестірушісіне жібереді, ал ол қалай әрекет ету керек екенін өзі шешеді. Қажет болса, бұл жағдайда қалай әрекет ету керек екені туралы шешімді Іскерлік әдеп комитеті қабылдайды. Ықтимал бұзушылық «Сіздің дауысыңыз» жүйесінің құзыретіне кірмесе, байланыс тұлғасы бұл туралы сізге хабарлап, кімге жүгіну керек екені жөнінде кеңес береді.

Тергеу

Алда тергеу жүргізу керек болса, оны тергеу жөніндегі басшы басқарып, дәйектілік пен әділдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Ол өзінің тұжырымдарын Іскерлік әдеп комитетінің үйлестірушісіне немесе өкілдеріне хабарлайды. Қажет болса, жергілікті басшылыққа тиісті түзету шараларын қолдану туралы кеңес беріледі.

Шешім

Байланыс тұлғаңыз сізге тергеу нәтижелері туралы хабарлайды. Кез келген істі жабу алдында, оны корпоративтік нормалар мен ережелерге сәйкестік жөніндегі бас директор қарастырады.

Көбірек біліңіз

Артқа Сіздің гидіңіз