Жүріс-тұрыс кодексімізді ұстаныңыз

Құрметті әріптес!

JTI Жүріс-тұрыс кодексінің соңғы редакциясын назарыңызға ұсынамыз. Осы жаңартылған нұсқа интернет арқылы және мобильді құрылғыларда оңай қолжетімді болады.

Жүріс-тұрыс кодексі әрбіріміз үшін өте маңызды. Біреулер оны компаниямыздың, оның мәнінің және бәріміз ұстанатын әдеп нормаларының сипаты ретінде қолданады. Басқалар оны кез келген жағдайда шешім қабылдауға көмектесетін нұсқаулық деп түсінеді. Ал мен оны JTI компаниясындағы жұмысымды 35 жылдан артық уақыт бойы мақтан тұтып келетінімді еске салып тұратын құжат ретінде қабылдаймын.

Іс жүзінде Кодекс келесі төрт негізгі саладағы міндеттемелерімізді қысқаша сипаттайды: қызметкерлеріміз, өнімдеріміз, бизнес жүргізуге қатысты адал ниетті тәсіліміз және қоғамдағы рөліміз. Ол жалпы Компания деңгейінде атқарып жатқан лауазымымызға, оның функционалдық бөлімшесіне немесе нарыққа қарамастан, әрбірімізге қойылатын талаптарды сипаттайды. Күмәнді жағдайларда, «„Сіздің гидіңіз“ шешім қабылдау үлгісі» бөлімі дұрыс шешімді іздеп табуға және оның шынымен де дұрыс екеніне сенімді болуға көмектеседі.

Желілік басшылардың барлығын өз қызметкерлерін жеке үлгімен жігерлендіруге және өз ұжымдарындағы әдепті жүріс-тұрысты көтермелеуге шақырамын. Олардан өзара түсіністікке және ашық талқылауға септігін тигізетін, қызметкерлері өз пікірін жеткізуге қорықпайтын ахуал жасауын күтемін. «Әрқашан және барлық жағдайда дұрыс қылық таныту» деген ортақ міндеттемемізді орындаған жағдайда ғана бизнестегі мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз, JTI нағыз рухын сақтап, нығайта аламыз.

Кодексті әріптестеріңізбен, серіктестеріңізбен және жеткізушілеріңізбен қарым-қатынас жасаған кезде басшылыққа алыңыз, талқылаңыз, ұғынып түсініңіз және ең бастысы – қатаң ұстаныңыз. Күн сайын.

Біртұтас команда. Бірдей жүріс-тұрыс. Ортақ табыс.


Говард Паркс
Персоналды басқару жөніндегі аға вице-президент, корпоративтік нормалар мен ережелерге сәйкестік жөніндегі бас директор

«Кодексті әріптестеріңізбен, серіктестеріңізбен және жеткізушілеріңізбен қарым-қатынас жасаған кезде басшылыққа алыңыз, талқылаңыз, ұғынып түсініңіз және ең бастысы – қатаң ұстаныңыз.»

Артқа Жүріс-тұрыс кодексімізбен таныс болыңыз
Келесі Кодекс туралы жалпы мәлімет